Түркияның туристік табысы өсті

Түркияның туристік табысы 23 миллиард 219 миллион 751 мың долларды құрады.

2205003
Түркияның туристік табысы өсті


 Түркияның туристік табысы 2023 жылдың үшінші тоқсанында алдынғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,9% өсіп, 23 миллиард 219 миллион 751 мың долларды құрады. 


Түркия Статистика институты осы жылдың шілде-қыркүйек кезеңіне қатысты туризм статистикасын жариялады. 


Статистикаға сәйкес туристік табыс өткен жылдың сәйкес тоқсанына қарағанда 3,9% өсіп, 23 миллиард 219 миллион 751 мың доллар болып белгіленді.


Туристік табыстың 14,7% шетелден келген азаматтардан алынды. 
Туристер саны 23 миллион 206 мың 579-ға жетсе, туристтердің бір түнде орташа 95 доллар жұмсағандары белгілі болды. 


Пакет турларға жұмсалатын шығындар 35,1% үлеске ие болып, ең жоғары көрсеткішке шықты, ал тамақтану мен халықаралық тасымалдау шығындары сәйкесінше 17,9% және 10,9% болды.



Ұқсас жаңалықтар