Анталияға келген турист саны артты
Түркия Мәдениет және туризм министрлігі жазбаша мәлімдеме жариялады.
2182411
2024 жылдың алғашқы 8 айында Анталияға келген турист саны өткен жылдың 8 айымен салыстырғанда 8,28 пайызға артты. Мәдениет және туризм министрлігінің жазбаша мәлімдемесінде 2024 жылдың алғашқы 8 айында 11 миллион 731 мың 937 қонақты қабылдаған Анталияның рекорд жаңартқаны көрсетілген.
Алғашқы 8 айда қалаға келген турист санының артуы өткен жылмен салыстырғанда 8,28 пайызды құрады. 8 айлық кезеңде Анталияға ең көп турист жіберген елдер тізімінде Ресей Федерациясы 2 миллион 641 мың 849 туристпен бірінші орынды сақтап қалды. 2 миллион 235 мың 311 туристпен Германия 2-ші, 1 миллион 109 мың 997 туристпен Англия 3-ші орында. Англиядан кейін сәйкесінше Польша, Қазақстан, Нидерланды, Румыния, Украина, Чехия және Словакия келеді.