Түркия экономикасы 16 тоқсан бойы үздіксіз өсуде
Жылдың екінші тоқсанындағы өсу қарқыны 2,5 пайызды құрады.
Түркия Статистика мекемесі жылдың екінші тоқсанындағы (сәуір-маусым кезеңі) жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) қорытындыларын жариялады.
Осыған қарағанда экономика өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 2,5 пайызға өсті.
Қызмет көрсету саласы бойынша 7,4 пайыз, құрылыста 6,5 пайыз, ауыл шаруашылығы саласы мен жылжымайтын мүлік саласында 3,7 пайыздық өсім байқалды.
Осылайша «Ковид-19» эпидемиялық шаралары жүзеге асырылған 2020 жылдың екінші тоқсанынан бастап Түркия экономикасы 16 тоқсан қатарынан өсті.
Қазына және қаржы министрі Мехмет Шимшек іске асырылған саясаттардың экономиканы күшейтетінін білдірді.
Өсудің тұрақтана бастағанына назар аударған Шимшек «Ағымдағы шот тапшылығы қысқарды және риск табысы төмендеді, резервтер жақсарып, деинфляция процесі басталды» деді.