Түркия экспорты 13,8 пайыз өсті
Түркия Статистика мекемесі сыртқы сауда деректерін жариялады.
Түркияның шілде айындағы экспорты өткен жылдың шілде айына қарағанда 13,8 пайыз өскен. Түркия Статистика мекемесі сыртқы сауда деректерін жариялады. Осыған сәйкес 2024 жылдың шілде айындағы экспорт көлемі өткен жылдың шілде айымен салыстырғанда 13,8 пайызға өсіп, 22 миллиард 510 миллион долларға жеткен. 2024 жылдың қаңтар-шілде аралығындағы экспорт көлемі өткен жылдың қаңтар-шілде кезеңімен салыстырғанда 4,1 пайызға артып, 148 миллиард 738 миллион долларға шыққан. Шілде айында Германия экспортта бірінші орында. Германия 1 миллиард 752 миллион доллар, Ұлыбритания 1 миллиард 604 миллион доллар, Америка Құрама Штаттары 1 миллиард 441 миллион доллар, Ирак 1 миллиард 59 миллион доллар және Италия 1 миллиард 29 миллион доллар экспорт көлемін құраған.