Зергерлік бұйымдар экспорты артты

Түркияның зергерлік бұйымдары экспорты 948,4 миллион долларға жетті.

2174559
Зергерлік бұйымдар экспорты артты

Түркияның зергерлік бұйымдары экспорты шілде айында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен екі есе артып, 948,4 миллион долларға жетті.

Елімізде өткізіліп жатқан зергерлік бұйымдар жәрмеңкелері де бұл өнімдерге шетелден сұраныстың артуына ықпал етуде.

Түркияның зергерлік бұйымдар экспорты шілде айында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 90,9 пайыз артып, 496,8 миллион доллардан 948,4 миллион долларға көтерілді. Зергерлік өнеркәсібінің экспорты осылайша өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен екі есе өсті.

Өткен айда зергерлік өнеркәсібінің жалпы экспорттағы үлесі 4,2 пайызды құрады.

Зергерлік өнеркәсібіндегі ең жоғары экспорт 508,7 миллион доллармен Біріккен Араб Әмірліктеріне жасалды.  Бұл елден кейін 50,4 миллион доллармен Америка Құрама Штаттары, 43,4 миллион доллармен Ирак, 37,7 миллион доллармен Ливия және 37,6 миллион доллармен Гонконг орын алуда.



Ұқсас жаңалықтар