Түркия Орталық банкі мен Оңтүстік Корея арталық банкінің келісімі
Түркия Республикасының Орталық банкі төрағасы Фатих Карахан мен Корея Орталық банкінің төрағасы Чанг Йонг Ри келісімге қол қойды.
2174322
Түркия Республикасының Орталық банкі мен Оңтүстік Кореяның Орталық банкі түрік лирасы-корей воны екіжақты валюта своп келісімін жаңартты.
Түркия Республикасының Орталық банкі мәлімдемесінде келісімге Түркия Республикасының Орталық банкі төрағасы Фатих Карахан мен Корея Орталық банкінің төрағасы Чанг Йонг Ри қол қойғаны хабарланды.
Своп келісімінің екі орталық банк арасында ағымдағы валюта бағамын көрсететін максимум 56 миллиард түрік лирасы немесе 2,3 триллион корей воны көлеміндегі жергілікті валюта своптарына мүмкіндік беретіні айтылды.