Министр Болат Пәкістанда
Сауда министрі Өмер Болат кездесудің егжей-тегжейін әлеуметтік желідегі аккаунтынан жариялады.
Сауда министрі Өмер Болат пен Пәкістан Қаржы министрі Мухаммад Аурангзеб Пәкістан бас қала Исламабадта бас қосты.
Кездесу барысында екі ел арасындағы экономикалық қарым-қатынастар мен инвестициялық мүмкіндіктерге талқыланды.
Сауда министрі Өмер Болат кездесудің егжей-тегжейін әлеуметтік желідегі аккаунтынан жариялады.
Болат кездесу барысында екі ел арасындағы экономикалық қарым-қатынастар, инвесторлар мен экспорттаушы компаниялардың басым мәселелері мен ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылағандарын білдірді.
Өткен жылы Түркия мен Пәкістан арасындағы сауда көлемінің 1 миллиард доллардан, инвестицияның 2 миллиард доллардан асқанын еске салған Өмер Болат «Пәкістанмен сауда көлемін 5 миллиард долларға жеткізуді мақсат етіп отырмыз» деді.
Сауда министрі Болат екі ел арасындағы ынтымақтастық салаларын әртараптандыру бойынша күш-жігердің жалғасатынын тілге тиек етті.