Түрік авиакомпаниясы Қазақстанға жаңа рейс бастайды

THY жаңа рейстер үшін жұмысты тездетті.

2171969
Түрік авиакомпаниясы Қазақстанға жаңа рейс бастайды

Дүние жүзінде ең көп дистанцияға ұшатын авиакомпания болып саналатын Түрік Әуе жолдары THY Чили, Мысыр, Сауд Арабиясы, Испания, Әзербайжан, Франция, Судан, Қазақстан және Сомалиге жаңа рейс ашылатынын хабарлады.

2024 жылдың екінші тоқсанында жолаушы санын 7,7 пайыз арттырған THY жаңа рейстер үшін де жұмысты тездетті.

THY нарықтың шарттарына қарай Чилидің Сантьяго, Сауд Арабиясының Абха, Мысырдың Асван, Ресейдің Махачкала, Испанияның Ла-Корунья, Әзербайжанның Ленкеран, Францияның Нант, Суданның Порт-Судан, Қазақстанның Атырау, Пәкістанның Сиалкот, Сомалидің Харгейса және Польшаның Катовице қалаларына маршрутты жолаушы рейстерін бастауға шешім қабылдады.

Аталған кезеңде 22,1 миллион жолаушы тасыған және 591 миллион доллар табыс тапқан түрік авиакомпаниясы қызметкер саны да 7 пайыз арттырды. Осы шеңберде өткен жылдың осы кезеңімен салыстырған ұшқыш саны 11, борт қызметкері саны 6 пайыз артты.



Ұқсас жаңалықтар