Анталия әуежайына көп ұшақ қонды

Маусым айында Анталия әуежайының ұшу-қону жолағына қонған ұшақ саны 25 мың 409-ға жетті.

2161112
Анталия әуежайына көп ұшақ қонды

Анталия әуежайы маусым айында 5 миллионнан астам жолаушыға қызмет көрсетті.

Мемлекеттік әуежайлар басқармасының  мәліметтері бойынша, маусым айында Анталия әуежайындағы ішкі жолаушы тасымалы 591 мың 597, халықаралық жолаушылар тасымалы 4 миллион 496 мың 149 болды. Осылайша маусым айында барлығы 5 миллион 87 мың 746 жолаушыға қызмет көрсетілді.

Маусым айында Анталия әуежайының ұшу-қону жолағына қонған ұшақ саны 25 мың 409-ға жетті.

Маусым айында жүк, пошта және багаж сияқты жүк тасымалы жалпы 57 мың 827 тонна болды.



Ұқсас жаңалықтар