Сауда министрі Өмер Болат тәжік әріптесімен бас қосты

Сауда министрі Тәжікстанмен сауда көлемін 1 миллиард долларға жеткізуді нысанаға алғандарын білдірді.

2145088
Сауда министрі Өмер Болат тәжік әріптесімен бас қосты

Сауда министрі Өмер Болат Тәжікстанмен сауда көлемін 1 миллиард долларға жеткізуге бел байлағандарын білдірді.

Министр Болат әлеуметтік желідегі аккаунтынан жасаған хабарламада Түркия-Тәжікстан 12-ші кезең бірлескен экономикалық комиссиясының жиналысына орай ел астанасы Анкараға келген Тәжікстанның Өнеркәсіп және жаңа технологиялар министрі Шерали Кабірмен кездескенін атап көрсетті.

Кабірмен өзара сауда көлемін жақсарту үшін не істеуге болатыны жөнінде кеңескендерін білдірген Болат «2023 жылы 529 миллион доллар болатын өзара сауда көлемін президенттеріміз көрсеткен 1 миллиард долларлық нысанаға жеткізу тақырыбында табандымыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар