Ресей «Google» жүйесіне айыппұл салды
Ресей соты «Google» жүйесіне ресейлік қолданушылардың жеке деректерін локализацияламағаны үшін айыппұл салды.

Ресей соты «Google» интернет іздеу жүйесіне ресейлік қолданушылардың жеке деректерін локализацияламағаны үшін 15 миллион рубль (шамамен 165 мың доллар) айыппұл салды.
Ресейде «Google-ға» қарсы қозғалған іс ел астанасы Мәскеуде қаралды. Сот «Google» компаниясының ресейлік қолданушылардың жеке деректерін ел ішінде сақтамады деген уәжбен заң талаптарын орындамағанын айтып, «Google-ды» 15 миллион рубль (шамамен 165 мың доллар) айыппұл төлеуге міндеттеді.
«Google» компаниясына бұрын да осындай себептермен айыппұл салынған болатын.
Компанияның Ресейдегі еншілес кәсіпорны да өткен жылы қаржылық міндеттемелерін орындай алмады деген себеппен банкроттық рәсімін бастаған еді.
Ұқсас жаңалықтар

Косово-Түркия сауда және инвестиция форумы Приштинада өтті
Ллуллзим Рафуна Түркия Республикасының барлық мекемелеріне және түрік халқына алғыс айтты.