«Даму жолы» жобасы басталды

«Даму жолы» жобасы Ирактан Түркияға дейін созылатын автомобиль және теміржолды, сонымен қатар осы аяда салынатын порттар мен қалаларды қамтиды.

2045734
«Даму жолы» жобасы басталды

Ирак премьер-министрі Мұхаммед Шия эс-Судани Парсы шығанағынан Түркияға дейін созылатын «Даму жолы» жобасының басталғанын мәлімдеді.

Ирак премьер-министрлігі баспасөз қызметінің жазбаша мәлімдемесіне қарағанда Судани елінде болған Ресей вице-президенті Игорь Левитинмен бас қала Бағдадта кездесті.

Алдағы күндері Мәскеуге жасалатын сапары да талқыланған кездесуде премьер-министр Судани «Даму жолы жобасы»  мен  «Басра сүйікті порты» жобасының басталғанын

«Даму жолы» мен «Басра сүйікті порты» жобаларының жалғастыруға болатын экономикалық жобалар екенін түсіндірген Судани жан-жақты  экономикаға қадам басқысы келетін үкіметтің табыс көзі ретінде тек мұнайға тәуелді болып қалғысы келмейтінін атап өтті.

«Даму жолы» жобасы Ирактан Түркияға дейін созылатын автомобиль және теміржолды, сонымен қатар осы аяда салынатын порттар мен қалаларды қамтиды.



Ұқсас жаңалықтар