Құбыр осы аптада іске қосылады
Бұл туралы министр хабарлады.
2045005

Түркия-Ирак мұнай құбыры осы аптада іске қосылады.
Энергия және табиғи ресурстар министрі Алпарслан Байрактар Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) астанасы Абу-Дабиде өткен Халықаралық мұнай жәрмеңкесі мен конференциясының ашылуында сөз сөйледі.
Ирак-Түркия мұнай құбыры туралы ақпарат берген министр Байрактар 6 ақпан күні орталығы Кахраманмарашта болған жер сілкінісі мен су тасқыны салдарынан зақымданған желінің пайдалануға дайын екенін мәлімдеді.
Министр «Біз осы аптада Ирак-Түркия құбырын іске қосып, әлемдік нарыққа тәулігіне жарты миллион баррель мұнай жеткіземіз» деді.