Түркия Румыниямен табиғи газ экспорттау келісіміне қол қойды
Түркиядан Румынияға тәулігіне 4 миллион текше метрге дейін табиғи газ экспорттау туралы келісім жасалды.

Құбыр желілерімен мұнай тассымалдау акционерлік қоғамының (BOTAŞ) мәлімдемесінде «BOTAŞ аймақтың ірі энергетикалық компанияларының бірі «OMV Petrom»-мен маңызды келісімге қол қойған еді. Табиғи газды тәулігіне 4 миллион текше метрге дейін жеткізуге мүмкіндік берген 2025 жылдың 31 наурызында аяқталатын келісім аясында Түркиядан Румынияға құбыр желілері арқылы табиғи газ экспорты 1 қазанда басталады» делінді.
Мәлімдемеде тараптардың табиғи газ саудасымен қатар тасымалдау, сақтау, өндіру және жасыл энергия технологиялары салаларында да ынтымақтастықты дамыту туралы келісімге қойғаны білдірді.
Түркия тамыз айында Венгриямен, қаңтар айында Болгариямен табиғи газ экспорттау келісіміне қол қойған болатын.
Ұқсас жаңалықтар

Түркияның хамса балығы экспорты артты
Түркияда хамса балығы экспорты 12 миллион 202 мың 980 долларға жетті.