Түркияға сегіз айда 36 миллион 754 мың 146 турист келді
Түркия жылдың 8 айында 36 миллион 754 мың 146 туристті қабылдады.

Мәдениет және туризм министрлігінің мәлімдемесіне қарағанда қыркүйекке дейін Түркияға 33 миллион 426 мың 940 шетелдік және шетелде тұратын 3 миллион 327 мың 206 азамат келген.
8 айлық кезеңде Түркияға келген шетелдік келушілер саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,95 пайыз артты.
Осы кезеңде Түркияға ең көп турист жіберген елдер тізімінде Ресей Федерациясы өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 44,84 пайыз өсті және 4 миллион 351 мың 254 адаммен артып бірінші орында.
Түркияға тамыз айында келген шетелдік турист саны өткен жылдың бірдей айымен салыстырғанда 5,65 пайыз өсіп, 6 миллион 660 мың 700 болды.
Тамыз айында ең көп турист жіберген елдер тізімінде Германия 871 мың 270 адаммен бірінші, Ресей Федерациясы 852 мың адаммен екінші болды.