Түркияның шай экспорты артты
Түркиядан қаңтар-тамыз айларында шай экспорты 18 миллион 493 мың долларға жетті.
2039380

Түркиядан қаңтар-тамыз айларында шай экспорты 22 пайыз артып, 18 миллион 493 мың долларға жетті.
Шығыс Қаратеңіз экспорттаушылар қауымдастығы төрағасының орынбасары Ахмет Хамди Гүрдоған 8 айда елден 3 мың 832 тонна шай экспортталғанын айтты.
Аталмыш сыртқы саудадан 18 миллион 493 мың доллар кіріс алынғанын түсіндірген Гүрдоған экспорттың өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда құндық жағынан 22 пайыз өскенін білдірді.
Гүрдоған шай ең көп сатылатын елдердің Бельгия, АҚШ және Ұлыбритания екенін білдірді.
Түрік шайының 8 айда 110 елге, автономиялық және еркін аймақтарға сатылғанын баяндаған Гүрдоған ел экспортының 43 пайызының Ризеден жасалғанын айтты.