О. Корея компанияларының басшыларымен кездесті
Министр Кажыр 24-ші Дүниежүзілік ақпарат форумына қатысу үшін Оңтүстік Кореяның астанасы Сеулге барып, бірқатар кездесулер өткізді.

ТР Өнеркәсіп және технология министрі Мехмет Фатих Кажыр Оңтүстік Кореядағы «Hyundai», «LG Electronics» және «Samsung» компанияларының басшыларымен Түркиядағы инвестиция мүмкіндіктері туралы кездесулер өткізді.
Министр Кажыр 24-ші Дүниежүзілік ақпарат форумына қатысу үшін Оңтүстік Кореяның астанасы Сеулге барып, бірқатар кездесулер өткізді. Ол өткізген кездесулері туралы әлеуметтік медиа парақшасында жариялады.
Кажыр Түркияның күшті индустриялық инфрақұрылымы, экспорттық әлеуеті және білікті адам ресурстарымен жаңа және инновациялық технология инвестициялары үшін дұрыс мекен екенін атап көрсетті. "Саяси және экономикалық тұрақтылық жаһандық брендтердің Түркиядағы инвестициялық қызығушылығын арттыруда. Біз жоғары технологиялы өндіріс пен экспортымызды арттыру үшін елімізге халықаралық инвестицияны көбірек тартуды мақсат етіп отырмыз" деді ол.
Ұқсас жаңалықтар

Түркияға сегіз айда 36 миллион 754 мың 146 турист келді
Түркия жылдың 8 айында 36 миллион 754 мың 146 туристті қабылдады.