Түркияның теңіз ұлуы экспорты артты

Түркиядан қаңтар-шілде айларында теңіз ұлуы экспорты 100 пайыз артып, 9 миллион 765 мың 9 долларға жетті.

2025326
Түркияның теңіз ұлуы экспорты артты

Шығыс Қаратеңіз экспорттаушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары Ахмет Хамди Гүрдоған Түркиядан 7 айда 935 тонна теңіз ұлуының экспортталғанын айтты.

Шетелдік саудадан 9 миллион 765 мың 9 доллар кіріс түсіргінен атап көрсеткен Гүрдоған теңіз ұлуы экспортының өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда көлем жағынан 26 пайыз, кіріс жағынан 100 пайыз өскенін айтты.

Гүрдоған Түркиядан ең көп теңіз ұлуының 4 миллион 184 мың 235 доллармен Оңтүстік Корея Республикасына экспортталғанын атап көрсетті.

Гүрдоған «Бұл елден кейін 2 миллион 277 мың 369 доллармен Қытай Халық Республикасы, 1 миллион 535 мың 4 доллармен Жапония, 1 миллион 452 мың 435 доллармен Испания, 308 мың 522 доллармен Тайвань, 4 мың 794 доллармен Грузия және 2 мың 650 доллармен Әзербайжан орын алды » деді.



Ұқсас жаңалықтар