«Crown Iris» круиздік кемесі Мармариске келді
Круиздік кемеде 1580 израильдік жолаушы мен 630 кісілік экипаж болғаны білдірілді.

Панама жалауы бар «Crown Iris» круиздік кемесі Мугланың Мармарис ауданына 1580 израильдік турист әкелді.
Родос портына барғаннан кейін таңғы сағаттарда Мармарис шығанағына кірген 207 метрлік кеме Мармарис круиз портының үлкен кемежайына келіп тоқтады. Круиздік кемеде 1580 израильдік жолаушы мен 630 кісілік экипаж болғаны білдірілді.
Кедендік тіркеулерден кейін туристер кемеден түсіп, Мармарис базары, Калеичи және теңіз жағалауын аралады.
Тарихи және туристік жерлерді де аралаған туристердің бір бөлігі Далян Каунос турына шықты.
Ауданға екінші рет келген кеменің келесі аялдамасы Алания айлағы болады.
Ұқсас жаңалықтар

Түркияға сегіз айда 36 миллион 754 мың 146 турист келді
Түркия жылдың 8 айында 36 миллион 754 мың 146 туристті қабылдады.

Түркияның шай экспорты артты
Түркиядан қаңтар-тамыз айларында шай экспорты 18 миллион 493 мың долларға жетті.