ТӘЖ мен "Icelandair" ортақ рейске келісті
Түрік Әуе Жолдары мен "Icelandair" келісіміне Стамбулда өткен Халықаралық Әуе тасымалы қауымдастығының жылдық жалпы жиналысында қол қойылды.
1995099

Түрік Әуе Жолдары Исландияның "Icelandair" ұлттық әуе компаниясымен ортақ рейс келісіміне қол қойды.
Түрік Әуе Жолдары баспасөз қызметінің мәлімдемесіне қарағанда ортақ рейс келісіміне Стамбулда өткен Халықаралық Әуе тасымалы қауымдастығының жылдық жалпы жиналысында қол қойылды.
Келісім арқылы Солтүстік Америка мен Исландиядағы "Icelandair" жолаушылары Түрік Әуе Жолдары рейстерімен Стамбулға, ал әлемнің көптеген жерінен келген Түрік Әуе Жолдары жолаушылары "Icelandair" желісі арқылы Исландия мен Канадаға жете алады.
Екі авиакомпания да жолаушыларына бір билетпен ыңғайлы тасымалдау мүмкіндіктерін ұсынады.
Ұқсас жаңалықтар

Түркияға сегіз айда 36 миллион 754 мың 146 турист келді
Түркия жылдың 8 айында 36 миллион 754 мың 146 туристті қабылдады.