Түркияның балық экспорты артты

Францияның хамса балығы экспорт етілген 20 ел арасында бірінші орынды иелегені білдірілді.

1993672
Түркияның балық экспорты артты

Түркияда жылдың қаңтар-сәуір айларында 20 елге 3 миллион 880 мың 628 долларға хамса балығы сатылды.

Шығыс Қаратеңіз Экспорттаушылар одағы Басқарма төрағасының орынбасары Ахмет Хамди Гүрдоған жылдың алғашқы 4 айында елден 656 тонна хамса балығы экспортталғанын айтты.

Бұл экспорттан 3 миллион 880 мың 628 доллар кіріс кіргенін атап көрсеткен Гүрдоған Францияның хамса балығы сатылатын 20 ел арасында бірінші орында тұрғанын атап көрсетті.

Ахмет Хамди Гүрдоған:

"Осы кезеңде біздің елден Францияға 1 миллион 475 мың 294 долларға, Бельгияға 968 мың 258 долларға және АҚШ-қа 413 мың 635 долларға хамса балығы экспорт етілді" деп хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар