Түркияға шетелдік туристер ағылып жатыр

Ресей 2023 жылдың алғашқы 4 айында Түркияға ең көп турист жіберген елдер арасында бірінші орынды иеледі.

1991339
Түркияға шетелдік туристер ағылып жатыр

Түркия 2023 жылдың алғашқы 4 айында 11 миллион 93 мың 247 қонақты қабылдады.

Шетелдік келушілер саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 27.51 пайыз артып, 9 миллион 533 мың 933 адамға жетті.

Ресей 2023 жылдың алғашқы 4 айында Түркияға ең көп турист жіберген елдер арасында бірінші орында тұр.

Ресейден келген турист саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 134 пайыз артып, 1 миллион 153 мыңға жетті.

Ресейден кейін 966 мың туристпен Германия екінші орынды иеледі.

797 мың 956 адаммен Болгария үшінші орында.

Болгариядан төртінші,  Иран мен Ұлыбритания бесінші орынды иеледі.

Түркия тек сәуір айында өткен жылдың сәйкес айымен салыстырғанда 29 пайыздық артумен 3 миллион 321 мың 824 шетелдік қонақтыкүтіп алды.

Сәуір айында Түркияға ең көп қонақ жіберген елдер Германия, Ресей және Ұлыбритания болды.



Ұқсас жаңалықтар