"Газ экспорты Түркия арқылы болады"

Иранның Ұлттық табиғи газ компаниясының басшысы мәлімдеді.

1990852
"Газ экспорты Түркия арқылы болады"

Иран Еуропаға табиғи газ экспорттаса Түркия арқылы өтетінін білдірді.

Иранның Ұлттық табиғи газ компаниясының (NIGC) бас директоры Маджид Чегени Иранның жұмысшылар ақпарат агенттігіне (ILNA) жасаған мәлімдемесінде табиғи газ экспортына қатысты елінің болашаққа көзқарасы туралы ақпарат берді.

Чегени «Еуропаға табиғи газ экспорттайтын болсақ, ол Түркия арқылы болады» деді.

Пәкістан, Ауғанстан және Оманның да Иранның табиғи газын қалайтынын білдірген Чегени келіссөздердің күн тәртібінде екенін, бірақ бұл елдердің кейбірімен келісімшартқа қол қою үшін қажетті инфрақұрылымның әлі дайын емес екенін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар