Түркияның шай экспорты артты
Бельгия, АҚШ және Ұлыбритания шай ең көп экспорт етілген 3 ел болды.

Түркиядан шай экспорты жылдың қаңтар-сәуір кезеңінде 39 пайыз артып, 11 миллион 365 мың 591 долларға жетті.
Қаратеңіздің шығысы Экспорттаушылар қауымдастығы Басқарма төрағасының орынбасары Ахмет Хамди Гүрдоған 4 айда Түркиядан 98 елге, автономды және еркін аймақтарға шай сатылғанын айтты.
Гүрдоған 2023 жылдың қаңтар-сәуір айларында 2 мың 323 тонна шай экспортынан 11 миллион 365 мың 591 доллар табыс тапқанын білдірді.
Өткен жылдың сәйкес кезеңінде елден 2 мың 458 тонна шай экспортынан 8 миллион 192 мың 169 доллар табыс түскенін айтқан Гүрдоған сөзін былай деп жалғастырды:
"Біздің шай экспортымыз өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда құндық жағынан 39 пайыз артты. Бельгия, Америка Құрама Штаттары (АҚШ) және Ұлыбритания ең көп экспорт жасалған 3 ел болды. Бұл кезеңде Бельгияға 4 миллион 765 мың 324долларлық, АҚШ-қа 1 миллион 934, Ұлыбританияға 953 мың 309 долларлық шай экспортталды.»
Экспорттың артуымен қатар елдің де көбейгенін атап көрсеткен Гүрдоған осы кезеңде шайдың Словакия, Мексика, Испания, Италия, Габон, Панама, Индонезия, Малайзия, Тайвань, Португалия, Ангола, Гамбия, Того және Руандаға да сатылғанын хабарлады.