Түркия “LIMA 2023" жәрмеңкесіне қатысты
Түркия Лангкави Халықаралық теңіз және авиация жәрмеңкесінде қорғаныс өнімдерімен қатысты.

Түрік қорғаныс өнеркәсібі компаниялары Малайзияда өткен Лангкави Халықаралық теңіз және авиация жәрмеңкесінде (LIMA 2023) күштерін көрсетеді.
23 мамырдан 27 мамырға дейін жалғасатын жәрмеңке Лангкави аралында өтеді.
Малайзия Қорғаныс және көлік министрлігінің қолдауымен 16-шы мәрте өткізілетін “LIMA-2023" жәрмеңкесі Азия-Тынық мұхиты аймағындағы ең ірі қорғаныс жәрмеңкелерінің бірі болып табылады. Алғашқысы 1991 жылы өткізілген және екі жылда бір ұйымдастырылатын "LIMA" жәрмеңкесіне Түркия екінші рет қатысуда.
Түркия "LIMA 2023" жәрмеңкесіне Президенттік сарайдың Қорғаныс өнеркәсібі төрағалығы мен Түркия қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі экспорттаушылар қауымдастығы, басқа да 18 түрік қорғаныс өнеркәсібі фирмасымен қатысуда.
Жәрмеңкеде түрік ұшқышты-ұшқышсыз әртүрлі құрлық және әуе көліктері, теңіз жүйелері, қару жүйелері, электронды жүйелер, оқ-дәрілер, тренажерлар, логистикалық қолдау өнімдері және қорғаныс қызметтері таныстырылады.
Ұқсас жаңалықтар

«Crown Iris» круиздік кемесі Мармариске келді
Круиздік кемеде 1580 израильдік жолаушы мен 630 кісілік экипаж болғаны білдірілді.