Кушадасына 5 круиздік кеме келді
Айдынның Кушадасы ауданына 5 круиздік кемемен 7 мың 550 турист келді.

Түркияның маңызды туризм орталықтарының бірі Айдынның Кушадасы ауданына 5 круиздік кемемен 7 мың 550 турист келді.
Мальта жалауы бар «Azamara Pursuit», Багам жалауы бар «Norwegian Jade», Норвегия жалауы бар «Viking Sky», Багамдық жалаулы «Wind Star» және Мальта туындағы «Celestyal Crystal» кемелері Эгей Порт Кушадасы кемежайына келді.
Круиздік кемелерден түскен 7 мың 550 туристтің бір бөлігі Ефес ежелгі қаласы мен Мариям Ана үйін көру үшін автобустармен порттан шықты.
Тур бағдарламаларына қатыспаған туристер қала орталығында сауда жасады.
Ұқсас жаңалықтар

Түркияға сегіз айда 36 миллион 754 мың 146 турист келді
Түркия жылдың 8 айында 36 миллион 754 мың 146 туристті қабылдады.

Түркияның шай экспорты артты
Түркиядан қаңтар-тамыз айларында шай экспорты 18 миллион 493 мың долларға жетті.