Ливия Ұлттық бірлік үкіметі түрік фирмаларымен әріптестік орнатады

Ливия Ұлттық бірлік үкіметі премьер-министрінің орынбасары Рамазан Бусена түрік іскер делегациясы және түрік фирмаларының өкілдерімен кездесті.

1984666
Ливия Ұлттық бірлік үкіметі түрік фирмаларымен әріптестік орнатады

Ливия Ұлттық бірлік үкіметі премьер-министрінің орынбасары Рамазан Бусена елдің оңтүстік аймақтары мен қалаларын энергетика, ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп салаларында дамыту мақсатында түрік фирмаларымен әріптестік орнатуды қалайтындарын айтты.

Премьер-министр орынбасарының баспасөз қызметінен жасалған жазбаша мәлімдемеге қарағанда Букена Триполиде түрік іскер делегациясы және түрік фирмаларының өкілдерімен кездесті.

Кездесу барысында түрік инвестициялық компаниялары мен Оңтүстік даму агенттігі арасындағы техникалық және кәсіби тәжірибе алмасу, түрік инвестициялық компанияларының технологиялық дамуын пайдалану және Ливияның  оңтүстік өңірлерді дамытуда пайдалану қатарлы бірқатар мәселелер қолға алынды.

Кездесу барысында Оңтүстік даму және даму агенттігінде жұмыс істейтін кадрларды оқыту үшін түрік делегациясымен ынтымақтастықты нығайту тақырыбы  да талқыланды.

Вице-премьер Букена кездесудің Ливия мен Түркия арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастардың маңыздылығын көрсететініне назар аударды.

Ливияның Түркиямен тарихи қарым-қатынастарының бар екенін түсіндірген Букена екі ел халқының арасындағы қарым-қатынастардың жалғасуына, экономикалық және сауда саласындағы ынтымақтастықтың берік болуына мән беретіндерін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар