Ирандықтар наурызда Түркияға ағылды

Иранның екі апталық наурыз мерекесі демалысында Түркия ең көп таңдалған ел болды.

1983614
Ирандықтар наурызда Түркияға ағылды

Иранның Ішкі туризмді дамыту бөлімінің бас директоры Мұстафа Фатими Наурыз мейрамында ел азаматтарының негізінен Түркияны тамашалағандарын айтты.

Иран Студенттері ақпарат агенттігінің хабарына қарағанда Фатими Наурыз мерекесінің деректерімен бөлісті.

Биылғы мерекеде шекара қақпаларынан шығудың бұрынғы жылдарға қарағанда артқанына назар аударған Фатими:

"Биыл Наурыз мейрамында әуе көлігімен саяхаттағандар саны 350 мың болса, құрлық арқылы шетелге шыққандар саны 870 мыңға жетті. Шекара қақпаларынан алынған мәліметтерге қарағанда Түркия наурыз мерекесінде ең көп таңдалған ел болды» деді.

Иран күнтізбесі бойынша 21 наурызда жаңа жылдың басталуымен ел көлемінде демалыс жанданатын наурыз мерекесі кезеңінде екі апталық демалыс беріледі. 



Ұқсас жаңалықтар