ЮНЕСКО қаласы Сафранболу тамаша жер

ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енген Карабүктің Сафранболу ауданына туристер ағылуда.

1975616
ЮНЕСКО қаласы Сафранболу тамаша жер
safranbolu.jpg

Біріккен Ұлттар Ұйымы Білім, ғылым және мәдениет ұйымы ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енген Карабүктің Сафранболу ауданында демалыс күндері қарбалас өтті.

Тарихи зәулім үйлерімен танымал қалашыққа келген туристер тарихи базардың тас төселген көшелерін аралап, мұражайлар мен зәулім үйлерді тамашалады.

Хыдырлык төбесінен қала көрінісін тамашалаған демалушылар түрік локум тәттісін татып,   кәдесый дүкендерінен сауда жасады.

Сафранболу ауданының әкімі Шабан Арда Языжы демалыс күндері белсенділіктің одан да артқанын айтты.

Сафранболу ауданының Түркиядағы ең маңызды туризм орталықтарының бірі екеніне назар аударған Языжы: «Сафранболу айтарлықтай әлеуеті бар бір демалыс мекені. Біз туризм сапасын жоғарлату мақсатымен жұмысты жалғастырудамыз. Адамдарды Сафранболу қаласын сұлу көріністерін көруге шақырамын» деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар