Ақсерке балығы экспорты еселеп артты
Қаратеңіздің шығыс аймағынан түрік ақсерке балығы экспортында Ресей алғашқы орынды иеледі.
Қаратеңіздің шығыс аймағынан түрік ақсерке балығы экспорты қаңтар-наурыз кезеңінде 354 пайыз өсіммен 23 миллион 72 мың 751 долларға жетті.
Қаратеңіз шығысы Экспорттаушылар қауымдастығы Балық және су өнімдер секторы комитеті төрағасының орынбасары Хасан Кузуоглу Қаратеңіздің шығыс аймағынан 9 елге 3300 тонна түрік ақсерке балығы экспорт етілгенін айтты.
Осы экспорттан 23 миллион 72 мың 751 доллар кіріс кіргенін білдірген Кузуоғлу түрік ақсерке балығы экспортының өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сан жағынан 376 пайыз, құндық жағынан 354 пайыз артып, 692 тонна экспорттан 5 миллион 77 мың 222 доллар кіріс кіргенін мәлімдемеді.
Қаратеңіздің шығыс аймағынан түрік ақсерке балығы экспортында Ресей Федерациясының көш бастап тұрғанын атап көрсеткен Кузуоглу:
"Осы кезеңде Ресейге 21 миллион 62 мың 371 доллар түрік ақсерке балығы сатылды. 1 миллион 633 мың 419 доллармен Вьетнам екінші, 244 мың 145 доллармен Беларусь үшінші орынды иеледі" деді.
Ұқсас жаңалықтар
Балғын жеміс пен көкөніс экспорты артты
Бұл туралы Жерорта теңізі балғын жеміс-көкөніс экспорттаушылар қауымдастығының президенті мәлімдеді.