Милас-Бодрум әуежайы маусымды ашты
"EasyJet" әуе компаниясы 26 наурыз бен 11 қараша арасында Бристоль, Гатвик, Лутон, Эдинбург және Ливерпульден Бодрумға 694 өзара рейс жасауды жоспарлады.
1965209



Милас-Бодрум әуежайы "EasyJet" компаниясының Бристолдан келген алғашқы рейсін салтанатпен қарсы алды.
166 жолаушы "EasyJet" әуе компаниясының A-320 ұшағымен Бристолдан Бодрумға келді. Британдық жолаушылар терминалда гүл шоқтарымен күтіп алынды.
"EasyJet" Бодрум мен Бристоль арасындағы рейстерді аптасына 3 күн, сейсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері 4 қарашаға дейін жалғастырады.
Британдық "EasyJet" әуе компаниясы 26 наурыз бен 11 қараша аралығында Ұлыбританияның 5 қаласынан, атап айтқанда Бристоль, Гатвик, Лутон, Эдинбург және Ливерпульден Бодрумға барлығы 694 өзара рейс жасауды жоспарлап отыр.
Милас-Бодрум әуежайы 2022 жылы 3 миллион 904 мың жолаушыны қабылдады.