Жұмыспен қамтылған әйелдердің саны екі есеге өсті
Түркиядағы әйелдердің жұмысқа орналасу көрсеткіші 30,4 пайызды құрады.

Түркиядағы әйелдердің жұмысқа орналасу көрсеткіші өткен жылы 30,4 пайызды құрады.
Түркия Статистика мекемесінің деректеріне қарағанда, 2022 жылы елдегі 15 және одан жоғары жастағы адамдар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 10,4 пайыз болды. Бұл көрсеткіш ерлер үшін 8,9 пайыз, әйелдер үшін 13,4 пайыз деп бағаланды. Осы кезеңде елдегі жұмыспен қамту деңгейі 47,5 пайыз болса, бұл көрсеткіш ерлер үшін 65 пайыз, әйелдер үшін 30,4 пайыз болып есептелді.
Жылдар бойы әзірленген ынталандыру тетіктері мен қабылданған шаралардың арқасында әйелдерді жұмыспен қамту деңгейінің артқаны байқалды. 2005 жылы 19,4 пайызды құраған әйелдердің жұмыспен қамтылу деңгейі 2022 жылы 30,4 пайызға өсіп, барлық уақыттағы ең жоғары көрсеткішке жетті.
Түркияда жұмыс істейтін әйелдер саны 2005 жылы 4 миллион 773 мың болса, 2022 жылы 9 миллион 935 мыңға жетті. Осылайша 2005-2022 жылдар аралығында елде жұмыспен қамтылған әйелдердің саны екі есеге өсті.
Ұқсас жаңалықтар

«Crown Iris» круиздік кемесі Мармариске келді
Круиздік кемеде 1580 израильдік жолаушы мен 630 кісілік экипаж болғаны білдірілді.