Отандық автокөлік "TOGG"-қа тапсырыстар 41 мыңға жетті

«TOGG-T10X» тапсырыстарын «Trumore» бағдарламасынан алдын ала тапсырыс беруге болады.

1962073
Отандық автокөлік "TOGG"-қа тапсырыстар 41 мыңға жетті
togg.jpg

Түркияның отандық автокөлік «TOGG»-қа алдын ала тапсырыс бергендер саны 41 мыңға жетті.

Өнеркәсіп және технология министрі Мұстафа Варанк әлеуметтік желідегі аккаунтынан мәлімдеме жасады.

Министр Варанк «TOGG-T10X» тапсырыстарының санының 41 мыңға жеткенін мәлімдеді.

Алғашқы 24 сағаттың ішінде 22 мың 150 «TOGG-T10X» көлігі тапсырысы берілді.

TOGG-тың әлеуметтік желідегі аккаунтынан жасалған мәлімдемеде жеткізілімдердің айдың соңынан басталатыны айтылды.

«TOGG-T10X»-ке 16-27 наурыз күндері аралығында www.togg.com.tr интернет парақшасында және «Trumore» бағдарламасынан алдын ала тапсырыс беруге болады.



Ұқсас жаңалықтар