Отандық автокөлік "TOGG" сатылымға шығады
Түркияның асыға күткен отандық автокөлігі "TOGG"-тың сатылым процесі басталды.

Өнеркәсіп және технология министрінің орынбасары Мехмет Фатих Каджыр "TOGG"-тың осы аптада сатылымға шығарылатынын хабарлады.
Каджыр «TOGG - әлемдегі ең табысты электромобиль брендтерінің бірі және көптеген технологиялық бастамалардың дүниеге келуіне себепші болады» деді.
"TOGG"-тың сатылымға шығарылатын алғашқы моделі C сегментіндегі «SUV» болады.
TOGG-тың тізімдік бағасы жақын арада жұртшылықпен бөлісіледі.
"TOGG"-тың Бурса Гемликтегі өндірістік базасында 29 қазан күні жаппай өндіріс басталған болатын. Жылдың соңына дейін 20 мыңға жуық көлік шығарылады. Мақсат – 2030 жылға дейін 1 миллион көлікті өндіру.
Ұқсас жаңалықтар

Кушадасына круиздік кемесімен туристер келді
Айдынның Кушадасы ауданына Бермуд жалауы бар «Арал ханшайымы» круиздік кемесімен 1997 турист келді.

Түркияның тұңғыш электромобилі үшін жеребе тартылады
Сұраныс бергендер арасында жеребе нотариус алдында тартылады.