Жұмыссыздар саны азайды
Түркия Статистика мекемесі қаңтар айының жұмыс күші деректерін жариялады.

Түркияда жұмыссыздық көрсеткіші қаңтар айында азайып, 9,7 пайызға төмендеді.
Түркия Статистика мекемесі қаңтар айының жұмыс күші деректерін жариялады.
Жұмыссыздық көрсеткіші қаңтар айында 2022 жылдың тамыз айынан бері бірінші рет бір таңбалы көрсеткішке келді. 0,5 ұпай азайып, 9,7 пайыз болды.
Жұмыссыздар саны алдынғы аймен салыстырғанда 166 мың адамға азайды. Түркияда қазір 3 миллион 424 мың адам жұмыссыз. 31 миллион 837 мың адам жұмыспен қамтылған.
Жұмысқа орналасу көрсеткіші болса 0,5 ұпай артып, 48,9 пайыз болды.
Ұқсас жаңалықтар

Кушадасына круиздік кемесімен туристер келді
Айдынның Кушадасы ауданына Бермуд жалауы бар «Арал ханшайымы» круиздік кемесімен 1997 турист келді.

Түркияның тұңғыш электромобилі үшін жеребе тартылады
Сұраныс бергендер арасында жеребе нотариус алдында тартылады.