Еуропалық Одақ Палестинаға қаржылай көмек береді
ЕО Палестинаға 199 миллион еуро көлемінде қаржылық қолдау пакетін жариялады.

Еуропалық Одақ (ЕО) Палестинаға 199 миллион еуро көлемінде қаржылық қолдау пакетін жариялады.
Еуроодақ Палестина офисі тарапынан жасалған жазбаша мәлімдемедесіне қарағанда Палестинаға көмек пакеті үшін басып алынған Батыс Шерияның Рамаллах қаласында салтанатты рәсім ұйымдастырылды.
Мәлімдемеде рәсімге Палестина президенті Махмуд Аббас пен Палестина премьер-министрі Мохаммад Штиямен қатар Палестинаның Қаржы министрі Шукри Башаре мен Еуроодақ өкілдерінің қатысқаны, Палестинаға жаңа көмек пакетінің 199 миллион еуро екені білдірілді.
Мәлімдемеде Біріккен Ұлттар Ұйымының Палестиналық босқындарға көмек агенттігіне берілген қаржылай қолдаудың 97 миллион еуроға жеткені және осылайша Еуроодақтың Палестина халқына берген көмегінің 296 миллион еуроға жеткені атап өтілді.
Еуроодақтың Палестинадағы өкілі Свен Кюн фон Бургсдорф салтанатты рәсімде сөйлеген сөзінде Палестина мәселесінде екі мемлекеттік шешіміне табанды екендіктерін атап көрсетті.
Ұқсас жаңалықтар

Жұмыспен қамтылған әйелдердің саны екі есеге өсті
Түркиядағы әйелдердің жұмысқа орналасу көрсеткіші 30,4 пайызды құрады.

«FED» саяси процент мөлшерін арттырды
FED жасалған процентті көтеру шешімін бірауыздан қабылданғандарын атап көрсетті.