Түркияға ең көп турист Германиядан келді

Ең көп турист жіберген елдер рейтингінде Германия 5 миллион 679 мың 194 адаммен бірінші орында.

1940765
Түркияға ең көп турист Германиядан келді

2022 жылы Түркияға ең көп турист жіберген ел 5 миллион 679 мың 194 адаммен Германия болды.

Мәдениет және туризм министрлігінің сайтында жарияланған хабарға қарағанда Түркия 2022 жылы 51 миллион 387 мың 513 келуші қабылдады. Бұл алдынғы жылмен салыстырғанда турист санының 71,07 пайыз артқанын көрсетеді.

Қаңтар-желтоқсан аралығында ең көп турист жіберген елдер рейтингінде Германия 5 миллион 679 мың 194 адаммен бірінші орында.

Германиядан келген туристер саны алдынғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,74 пайыз артқан.  Германияның артынан 11,74 пайыз өсім және 5 миллион 232 мың 611 адаммен Ресей, 7,56 пайыз өсім және 3 миллион 370 мың   739 адаммен Англия келді. Ұлыбританиядан кейін Болгария мен Иран тұр.

Түркияға тек 2022 жылдың желтоқсан айында келген шетелдіктер саны алдынғы жылдың сәйкес айымен салыстырғанда 26,79 пайызға артып, 2 миллион 399 мың 441 болды.



Ұқсас жаңалықтар