Қытайда Көктем мересінде турист саны 308 миллионға жетті

Қытайда Көктем мересінде туризм кірісі 375 миллиард 843 миллион юаньға (55.4 миллиард доллар) жеткен.

1938917
Қытайда Көктем мересінде турист саны 308 миллионға жетті

Қытайда ай күнтізбесі бойынша жаңа жыл тойланатын 7 күндік Көктем мерекесі демалысы кезінде отандық туристер саны 308 миллионға жеткені хабарланды.

Мәдениет және туризм министрлігінің мәліметі бойынша 21-27 қаңтарды қамтитын мерекелік кезеңде ішкі туризмнен алынған табыс өткен жылмен салыстырғанда 30 пайыз артып, 375 миллиард 843 миллион юаньға (55.4 миллиард доллар) жеткен.

Туристік орындарды 308 миллион адам тамашалаған, өткен жылмен салыстырғанда туристер саны 23.1 пайыз артқан.

Қытайда коронавирустың жаңа түрі (Ковид-19) шаралары жеңілдегеннен кейінгі алғашқы Көктем мерекесі демалысында ішкі туризмнің қалпына келе бастағаны байқалды.

Қатынас министрлігі биылғы жылдың 7 қаңтары мен 15 ақпаны аралығындағы 40 күндік Көктем мерекесі кезеңінде ел ішінде 2.1 миллиард сапар күтілетінін хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар