12 мың адамды жұмыстан шығарады
Бұл туралы компанияның бас менеджері Сундар Пичай мәлімдеді.

Технологиялық алпауыт «Google» 12 мың адамның жұмыстан босатылатынын хабарлады.
«Google-дың» жетекші компаниясы «Alphabet» 12 000 қызметкерін жұмыстан шығарады, бұл компанияның әлемдік жұмыс күшінің 6 пайызынан астамын құрайды.
Бұл туралы компанияның бас менеджері Сундар Пичай мәлімдеді. Қызметкерлерге жазған хатында Пичай «осы шешімді қабылдауға мәжбүр еткен жағдайлар үшін жауапкершілікті өз мойнына алатынын» айтты.
Бір адам ресурстары фирмасының мәліметі бойынша, АҚШ-тың технологиялық компаниялары 2022 жылы 97 171 қызметерді жұмыстан шығарды.
Бұл көрсеткіш алдынғы жылмен салыстырғанда 649 пайызға артқан.
АҚШ-тың технологиялық компанияларының бірі «Microsoft» корпорациясы да жылдың үшінші тоқсанының соңына дейін 10 мың қызметкерін жұмыстан шығаратынын хабарлаған еді.
«Amazon» және «Meta» (Facebook) да қысқарту болатынын білдірген болатын.
Ұқсас жаңалықтар

Еуропалық Одақ Палестинаға қаржылай көмек береді
ЕО Палестинаға 199 миллион еуро көлемінде қаржылық қолдау пакетін жариялады.

Түркия экспорты қаңтар айында да өсті
Сауда министрі Мехмет Муш «Қаңтар айында экспорттымыз өсті» деді.