Су өнімдері экспорты артты
Ресей, Италия және Ұлыбритания су өнімдері ең көп экспортталған елдер болды.

Өткен жылы Түркия 96 елге әртүрлі су өнімдерін сатты.
Шығыс Қаратеңіз экспорттаушылар қауымдастығының деректеріне сәйкес 2022 жылы 245 мың 760 тонна су өнімдері экспортталып, нәтижесінде 1 миллиард 604 миллион 971 мың 300 доллар табыс түсті.
Сәйкесінше 236 мың 83 тонна балық өнімдерінен 1 миллиард 376 миллион 546 мың 85 доллар табыс келген 2021 жылмен салыстырғанда экспорт сан жағынан 4 пайызға, құндық жағынан 17 пайызға өсті.
Ресей, Италия және Ұлыбритания су өнімдері ең көп экспортталған елдер болды.
Осы сала алдағы жылдарға да үлкен үміт артуда.
Ұқсас жаңалықтар

Еуропалық Одақ Палестинаға қаржылай көмек береді
ЕО Палестинаға 199 миллион еуро көлемінде қаржылық қолдау пакетін жариялады.

Түркия экспорты қаңтар айында да өсті
Сауда министрі Мехмет Муш «Қаңтар айында экспорттымыз өсті» деді.