Түрік Әуе Жолдары  жаңа бастама көтерді

Түрік Әуе Жолдары  америкалық әйелдерге арналған «Стамбулда түрік тілін үйрен, сериалдарды еркін тамашала» жобасын жариялады.

1931992
Түрік Әуе Жолдары  жаңа бастама көтерді

Жаңа жобалары және жарнамалық бағдарламаларымен Түркияға келетін турист санының артуына елеулі үлес қосып жатқан Түрік Әуе Жолдары  америкалық әйелдерге арналған «Стамбулда түрік тілін үйрен, сериалдарды еркін тамашала» атты жобасын іске қосуға дайындалуда.

Түрік Әуе Жолдары Әкімшілік және Атқару комитетінің төрағасы, профессор доктор Ахмет Болат Түрік Әуе Жолдары Бас директорлығында АҚШ-тың Стамбулдағы Бас консулы Джули А.Эадехпен кездесті.

Ахмет Болат кездесудің егжей-тегжейлерін өзінің әлеуметтік бизнес желісі және «Linkedin» бөлісу платформасында «Стамбулда түрік тілін үйрен, сериалдарды еркін тамашала» атты жобасын тұңғыш рет хабарлады.

Ахмет Болат:

«АҚШ консулымен АҚШ-тан 2 миллион турист әкелу жобасы аясында біз алғаш рет жариялайтын «Стамбулда түрік тілін үйрен, сериалдарды еркін тамашала» атты пакеттік бағдарлама туралы кеңестік. Біз қонуды қамтыған 4 апталық тартымды бағамен теңшелген бір тіл үйрену пакетін американдық үй шаруасындағы әйелдерге ұсынамыз».деп жариялады.



Ұқсас жаңалықтар