2023 қиын жыл болады

IMF директоры Кристалина Георгиева жаһандық экономикаға баға берді.

1926382
2023 қиын жыл болады

Халықаралық валюта қорының (IMF) директоры Кристалина Георгиева 2023 жыл әлемдік экономиканың басым бөлігі үшін қиын жыл болатынын ескертті.

IMF директоры Кристалина Георгиева «CBS» телеарнасына берген сұхбатында жаһандық экономикаға баға берді. IMF -ның 2023 жылғы рецессия болжамы туралы сұраққа Георгиева «Бұл әлемдік экономиканың көпшілігі үшін артта қалған жылға қарағанда қиынырақ жыл болады» деп жауап берді.

Георгиева себеп ретінде АҚШ, Еуропалық Одақ (ЕО) және Қытай сияқты 3 негізгі экономиканың баяулауын көрсетті. АҚШ-тың ең төзімді экономика екеніне назар аударған Георгиева Еуроодақтың Украинадағы соғыстан қатты зардап шеккенін айтып, ЕО елдерінің жартысы биыл рецессияға түседі деген болжамымен бөлісті.

Биылғы жылдың  Қытай экономикасы үшін де қиын болатынын атап өткен Кристалина Георгиева «Қытай биыл одан сайын бәсеңдей түседі” деді.

Георгиева дамып келе жатқан экономикаларға қараған кезде жоғары пайызддар мен доллардың қымбаттауына байланысты көрініс одан да «қорқынышты» деп мәлімдеді.

«Біз әлемдік экономиканың үштен бір бөлігі рецессияға ұшырайды деп болжап отырмыз»  деді Георгиева.



Ұқсас жаңалықтар