Түркияда күніне 100 мың баррель мұнай өндірісі жоспарлануда

Энергетика және табиғи ресурстар министрі Фатих Дөнмез хабарлама жасады.

1926208
Түркияда күніне 100 мың баррель мұнай өндірісі жоспарлануда

Энергетика және табиғи ресурстар министрі Фатих Дөнмез Түркияның тәулігіне 100 мың баррель мұнай өндіру мақсатына жақындағанын мәлімдеді.

Министр Дөнмез Твиттер аккаунтынан жасаған хабарламада күнделікті мұнай өндірісінің артуын және Түрік мұнай корпорациясының қызметін бағалады.

Дөнмез күн сайынғы 100 мың баррельдік ішкі мұнай өндірісі мақсатына біртіндеп жақындағанын атап көрсетті.

Түрік мұнай корпорациясының Твиттер аккаунтынан жасаған хабарламада «Түркияның ең көп өндіретін мұнай кен орны қазір Шырнақта. «Шейіт Эсма Чевик-7» ұңғымасы 1 613 баррель қосымша өндірумен күнделікті 7714 баррельге ұласты. Жылдың соңғы күнінде 66 639 баррель күнделікті өндірісімен соңғы 30 жылдағы ең жоғары өндірістік көрсеткішіне жеттік» деді.



Ұқсас жаңалықтар