Жолаушылар санында рекорд

Халықаралық саяхатқа сұраныс Жаңа жыл мерекесімен бірге шарықтау шегіне жетті.

1924310
Жолаушылар санында рекорд
sabiha gokcen.jpg
sabiha gokcen.jpg

Стамбулдағы  «Сабиха Гөкчен» халықаралық әуежайында 24 желтоқсанда шетелден келген 29 162 адаммен тарихи рекорд орнатылды.

Коронавирустың жаңа түрі (Ковид-19) індеті өз әсерін жоғалтқан кезде халықаралық саяхатқа сұраныс Жаңа жыл мерекесімен бірге шарықтау шегіне жетті.

Демалыстарын Түркияда немесе Стамбул арқылы әртүрлі елдерде өткізгісі келетіндер «Сабиха Гөкчен» халықаралық әуежайында жолаушылар саны бойынша тарихи рекорд орнатты.

«Сабиха Гөкчен» әуежайы 24 желтоқсанда 29 162 сыртқы желіден келген жолаушы санымен ең жоғары көрсеткішке жетті. Ал  халықаралық бағытта үшып кеткен жолаушылар саны сол күні 26 мың 582 адамды құрады.

Осылайша 24 желтоқсанда халықаралық желілерде барлығы 55 744 жолаушыға қызмет көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар