Еуропа газ бағасы Түркияда белгіленеді

Владимир Путин Мәскеуде Түркияда құрылуы жоспарланған табиғи газ орталығына қатысты мәлімдеме жасады.

1919543
Еуропа газ бағасы Түркияда белгіленеді

Ресей президенті Владимир Путин Түркияның табиғи газ инфрақұрылымының маңызды әлеуетке ие екенін айтып, еуропалық тұтынушылар үшін табиғи газ бағасының негізінен Түркиядағы орталықта белгіленетінін білдірді.

Владимир Путин ел астанасы Мәскеуде Стратегиялық даму және ұлттық жобалар кеңесінде сөйлеген сөзінде Түркияда құрылуы жоспарланған табиғи газ орталығына қатысты мәлімдеме жасады.

Владимир Путин:
"Түркияның табиғи газ инфрақұрылымы айтарлықтай әлеуетке ие. Алдағы айларда құрылатын табиғи газ орталығында электронды сауда алаңы орнатылуы мүмкін. Еуропалық тұтынушылар үшін табиғи газдың бағасы негізінен Түркиядағы орталықта анықталады. Еуропаның табиғи газ орталықтарында болып жатқан оқиғалар ақылға сыймайды» деген баға берді.

Путин бұған дейін Еуропадағы табиғи газ дағдарысына тоқталып, шешім үшін Түркияға назар аударған болатын.

Солтүстік ағын газын Қаратеңізге бағыттай алатындарын айтқан Ресей президенті:

"Түркияда Еуропа үшін үлкен табиғи газ орталығын құра аламыз» деді.

Президент Режеп Тайып Ердоған өткен аптада Стамбулдағы Вахдеттин сарайында ресейлік Газпром энергетикалық компаниясының президенті Алексей Миллерді қабылдады.

Кездесу барысында Түркияда газ орталығын құру, сондай-ақ Ресей газын Түркияға жеткізу мүмкіндіктері талқыланған болатын.



Ұқсас жаңалықтар