Шырнактағы мұнай барлау жұмыстары жалғасуда
Энергетика және табиғи ресурстар министрі Шырнактағы мұнай барлау жұмыстарын жалғастыратындарын білдірді.

Энергетика және табиғи ресурстар министрі Фатих Дөнмез Шырнактағы мұнай іздеу жұмысының соңғы кезеңде құрлықта жасалған ең үлкен жаңалықтардың бірі болуы мүмкін екенін айтты.
Дөнмез өзі қатысқан жеке телеарнада Шырнактағы мұнай барлау жұмыстары туралы айтты.
Аймақта шамамен бір жыл бойы сейсмикалық зерттеулердің күшейгенін айтқан Дөнмез қауіпсіздік себебінен бұрын мұнай барлау жұмыстары жүргізілмегенін атап өтті.
Дөнмен «Қазір біз жауынгерлеріміз террордан тазартқан аймақтарда сейсмикалық зерттеулер мен бұрғылау жұмыстарын жасадық» деген сөздер қолданды.
«Біз қазір Шырнақтағы Габар тауындағы және оның айналасындағы төрт ұңғымада күніне 1200-1300 баррель мұнай өндіріп жатырмыз» деген Дөңмез «Біз ондағы ұңғымалардың санын 10 және одан да көпке жеткізуді мақсат етіп отырмыз» деп көрсетті.
Энергетика және табиғи ресурстар министрі Шырнактағы мұнай барлау жұмыстарын жалғастыратындарын білдірді.
Ұқсас жаңалықтар

Еуропалық Одақ Палестинаға қаржылай көмек береді
ЕО Палестинаға 199 миллион еуро көлемінде қаржылық қолдау пакетін жариялады.

Түркия экспорты қаңтар айында да өсті
Сауда министрі Мехмет Муш «Қаңтар айында экспорттымыз өсті» деді.