"Airbus" 15.9 миллион еуро айыппұл төлеуді қабылдады

"Airbus" Францияда өздері жайлы ашылған тергеуді тоқтату үшін 15.9 миллион еуро айыппұл төлеуді қабылдады.

1913491
"Airbus" 15.9 миллион еуро айыппұл төлеуді қабылдады

Әлемдегі ең ірі ұшақ өндіруші "Airbus" Францияда өздері жайлы ашылған сыбайлас жемқорлыққа қатысты тергеуді тоқтату және қудаламау үшін 15.9 миллион еуро айыппұл төлеуді қабылдады.

Париж Әділет соты "Airbus-тың" 2006 және 2011 жылғы кезеңде Ливия мен Қазақстанға ұшақтар немесе тікұшақтар сияқты әртүрлі жабдықтарды сату барысында сыбайлас жемқорлық жасаумен айыпталған тергеулерді жабу үшін Ұлттық Қаржы прокуратурасымен келіссөздер жүргізу келісімін мақұлдады.

Осы келісім арқылы "Airbus" 15.9 миллион еуро айыппұл төлеу арқылы марка атауының «ластануын» тосуды мақсат етуде.

Компанияға байланысты алдын ала терлеулер Франция мен Қазақстан арасында "Airbus" компаниясы жабдығын сатып алуға жасалған келісім-шарттар үшін делдалдарға төленген заңсыз комиссиялар және Францияның бұрынғы президенттерінің бірі Николя Саркозидің билікте жүрген кезімен тұспа-тұс келген 2009-2010 жылдардағы сыбайлас жемқорлық фактілері пайымдауларын қамтиды.

Саркозидің 2007 жылғы президенттік сайлау науқаны үшін Ливиядан заңсыз қаржылар алуы жайлы сот процесі себепті француз әділет органдары 2006 жылы "Airbus" компаниясының Ливияға 12 ұшақ сатқанына да назар аударды.

"Airbus" бұған дейін Франция, Ұлыбритания және Америка билігіне 2020 жылы қудалаудан құтылу үшін жалпы 3.6 миллиард еуро төлеуге келіскен болатын.



Ұқсас жаңалықтар