Түркия экономикасы өсіп келеді

2022 жылдың үшінші тоқсанында өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда ел ішіндегі жалпы кіріс 3.9 пайыз артты.

1912874
Түркия экономикасы  өсіп келеді

Түркия экономикасы жылдың үшінші тоқсанында 3.9 пайыз өсті.

Түркия Статистика мекемесі ағымдағы жылдың үшінші тоқсанындағы (шілде-қыркүйек) жалпы ішкі өнім кірістерінің нәтижелерін жариялады.

Ел ішіндегі жалпы өнім кірістерінің нәтижелері 2022 жылдың үшінші тоқсанында өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 3.9 пайыз артты.

2022 жылдың үшінші тоқсанында өткен жылмен салыстырғанда қаржы және сақтандыру қызметі 21.6 пайызды, ақпараттық-коммуникациялық қызмет 13.9 пайызды, кәсіптік, әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету 12.6 пайызды, мемлекеттік басқару, білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету  7.6 пайызды құрады. Қызмет өтеу саласы 6.9 пайыз, өзге жұмыс іс-шаралары 4.9 пайыз, жылжымайтын мүлік қызметі 4.1 пайыз, ауыл, орман және балық шаруашылығы 1.1 пайыз және өнеркәсіп 0.3 пайыз артты.



Ұқсас жаңалықтар