Су өнімдері экспорты еселеп артты
Экспорттың басым бөлігі Ресей, Вьетнам және Жапонияға жасалды.

Түркияда Шығыс Қаратеңіз аймағындағы балық шаруашылығы экспортынан алынған кіріс жылдың 10 айында 71 пайыз артып, 116 миллион 340 мың долларға жетті.
2022 жылдың қаңтар-қазан айларында Шығыс Қаратеңіз аймағынан су өнімдері 19 елге экспорт етілді.
Осы кезеңде аймақтан 17 мың 286 тонна су өнімдері экспорттынан 116 миллион 340 мың доллар кіріс кірді.
Санаққа негізделгенде балық өнімдерінің экспорты өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда кіріс бойынша 71 пайыз, сан жағынан 37 пайыз өсті.
Экспорттың басым бөлігі Ресей, Вьетнам және Жапонияға жасалды.
Ресейге 70 миллион 477 мың доллар, Вьетнамға 21 миллион 857 мың доллар, Жапонияға 5 миллион 832 мың доллар құнындағы су өнімдері сатылды.
Ұқсас жаңалықтар

Еуропалық Одақ Палестинаға қаржылай көмек береді
ЕО Палестинаға 199 миллион еуро көлемінде қаржылық қолдау пакетін жариялады.

Түркия экспорты қаңтар айында да өсті
Сауда министрі Мехмет Муш «Қаңтар айында экспорттымыз өсті» деді.