Аптасына 4 күн жұмыс істейді

Шарт бойынша қызметкерлер жұмыс берушіден 4 күн жұмыс істеу мүмкіндігін сұрай алады.

1909026
Аптасына 4 күн жұмыс істейді

Бельгияда бүгін қызметкерлерге аптасына 4 күн жұмыс істеуге мүмкіндік беретін тәжірибе басталды.

Маусым айында елде коалициялық үкімет құрған партиялар еңбекте реформа жасау туралы келісімге келіп, жаңа ереже бүгіннен бастап күшіне енді.

Шарт бойынша қызметкерлер жұмыс берушіден 4 күн жұмыс істеу мүмкіндігін сұрай алады.

Қызметкер қаласа және жұмыс берушімен келісе, апта сайынғы 38 сағаттық жұмыс мерзімін 5 күн емес, 4 күнде аяқтай алады.

Бұл мүмкіндікті пайдаланушылар 3 күндік демалыс алады немесе апта ішінде қосымша 1 күндік демалыстарын пайдалана алады.

Осындай жұмыс тәсілін жұмыс берушімен келісімнің нәтижесінде 6 ай бойы жүргізуге болады. Келісім 6 айдың соңында өзара келісім бойынша жалғасын табады.

Жұмыс берушілер мұндай өтініштен бас тартуға құқылы. Алайда бас тарту дәлелді себеппен негізделуі қажет.

Кейбір ұйымдар тәжірибені сынап, жұмыс көлемін 5 күн емес, 4 күнге шоғырландырудың кемшіліктеріне назар аударады.



Ұқсас жаңалықтар